КМК «Абай ауданының орталық аудандық ауруханасы»
0
Тарих

Жалпы ақпарат

         КМК «Абай ауданының орталық аудандық ауруханасы»  кәсіпорынның Жарғысы, медициналық қызметтерді көрсетуге арналған лицензиясы  негізінде қызмет ететін заңды тұлға және Абай ауданының аймағындағы (Абай қаласы мен Қарабас кентін қоспағанда) тұрғындарға медициналық қызмет көрсететін монополист болып табылады.
Облыс орталығына дайінгі қашықтық-50 км.
Қызмет көрсету радиусы-180 км.
Абай ауданының ауыл тұрғындарына медициналық қызметті: 84 төсек орны бар стационар, клиникалық-диагностикалық емхана, медициналық жедел-жәрдем станциясы, 4 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 7 фельдшерлік-акушерлік пункт, 17 медициналық пункт көрсетеді.
КМК «Абай ауданының орталық аудандық ауруханасында» 324 адам қызмет атқарады, оның ішінде 42 дәрігер, 140 мейірбике, 72 тазалықшы және 62 басқа да қызметкерлер бар. Барлық медицина қызметкерлерінде сертификат бар, дәрігерлердің 44 пайызында, мейірбикелердің 53,4 пайызында біліктілік санат бар.
БҰДСЖ  аясында барлық дәрігерлер жалпы машықтану саласы бойынша кәсіптік біліктіліктерін шыңдап, 2011 жылдың мамыр айынан бастап, барлық учаскелер жалпы тәжірибелі дәрігерлердің қызмет көрсетуіне ауыстырылды.
Барлық жанұялық дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшерлік-акушерлік пункттерге 3 жылдың ішінде су мен жылу жүйелері жүргізіліп, күрделі жөндеу жұмыстары жасалды. Евро-стандарт бойынша диагностикалық емханаға, перзентхана мен шаруашылық ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ауданның емдеу мекемесі 2011 жылдың мамыр айынан бастап жедел-жәрдем көлігімен, тоңазытқыштармен, жаңа жиһаздармен, қажетті құралдармен жабдықталды. 2013 жылға Қарағанды мен Құрма ауылдық дәрігерлік амбулаторияларының құрылысы жоспарланған. 

Жабдықталды:

үш жұмыс орнына арналған рентгендік диагностикалық кешен, стационарға арналған цифрлы флюорографиялық құрал, өкпеге жасанды дем беретін құрал, жылжымалы стоматологиялық қондырғы,  стационарлық УДТ құралы, стационарға арналған лифт, физио ем алуға арналған құралдар, стационарға арналған цифрлы маммограф, көліктердің мониторингін тіркеуге  арналған «Автограф» жүйесі енгізілді, емхананың аймағы бойынша бейне жазба орнатылды,  СНЭР жұмыс істеу үшін қызметкерлер компьютерде жұмыс істеуге оқытылды.
Кәсіптік сенім-саясатының деңгейін арттыру үшін кәсіпорында фельдшерлер мен мейірбикелерге арналған  аудандық медициналық кеңес жұмыс істейді.
Фельдшерлерге, акушерлер мен мейірбикелерге арналған тақырыптық сабақтар, конференциялар мен семинарлар  өткізіледі. Әртүрлі сайыстар ұйымдастырылып, өткізіледі.
Ауруханада  «Нұр-Отан»   және орта медицина қызметкерлеріне арналған үкіметтік емес «Шарапат» ұйымы, барлық медицина қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы жұмыс істейді.

Негізгі міндеттер:

Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету, балалар шетінеуінің көрсеткішін төмендету, аналар өлімін болдырмау, әлеуметтік-маңызды аурулардың көрсеткішін төмендету, БҰДСЖ аясында жұмысты жалғастыру, диагностика мен емдеуде заманауи әдістерді және технологияны жүйелі  қолдануды қамтамасыз ету, амбулаториялық деңгейде тегін дәрі-дәрмектерді игеру, мақсатты топтағыларға алдын-ала тексеруді сапалы жүргізу, матеиалдық-техникалық базаны жақсарту, медицина қызметкерлерінің кәсіптік біліктіліктерін арттыру,  медициналық құжаттарды электронды түрде енгізу.
Қазақстан Республикасының денсаулықты өркендетуге арналған «Саламатты Қазақстан-2015»  атты мемлекеттік бағдарламасын тарату мақсатында халықтың денсаулығының көрсеткіші  қуатты жетістіктерге жетті.
Денсаулықты өркендетуге арналған «Саламатты Қазақстан» атты мемлекеттік бағдарламасын таратуда негізгі басымдық бағыттар қалады:
-аналар мен балалардың денсаулығын нығайту (балалар шетінеуін төмендетіп, аналар өлімін болдырмау)
-әлеуметтік-маңызды аурулардың жағдайын жақсарту (түберкүлез, қатерлі ісік, АИТ/ЖИТС, қант диабеті, қан айналу жүйесінің ауруы, психикалық аурулар)
-салауатты өмір салтын жүргізу түсінігін қалыптастыру (қатерлі топтағылардың төмендеуі)
-медициналық көмектің көрсетілуін жетілдіру (амбулаториялық деңгейде  көрсетілетін медициналық көмектің көлемін ұлғайту)
-дәрі-дәрмектің қолжетілімдігі мен сапасын арттыру
-медициналық ұйымды білікті мамандармен қамтамасыз ету, кәсіптік біліктілікті үзіліссіз арттыру
-санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз ету (вакцинаға бағынатын жұқпаның алдын-алу)
Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері Елбасының мақсатты саясатын қолдап, әркімнің алдында тұрған негізгі міндеттерді шешуге барлық күштерін жұмсайды.
2010 жылдың 29 қарашасындағы Қазақстан Республикасы Президентінің №1113 Жарлығымен бекітілген және 2012 жылдың 11 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігі алқасының қаулысындағы  «Ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау саласының болашағы мен жағдайы туралы» 5 пунктті орындауда, 2011-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының денсаулықты өркендетуге арналған «Саламатты Қазақстан» атты мемлекеттік бағдарламасының 5 бөлімінің 5.4 тарауының 2 пунктін тарату мақсатында:
2010 жылы КМК «Абай ауданының орталық аудандық ауруханасы» Қазақстан бойынша алдыңғы қатарлы 100 аурухананың құрамына енді.