Договор СГУ

1.Келісім шартта қолданылатын сөздер

 Келісім шарттағы  сөздердің мағынасы төмендегідей:
1.1.«Келісім шарт» дегеніміз-азаматтық-құқықтық акт, Тапсырыс беруші мен Жабдықтаушының арасындағы қандай да бір қатынастардың орнауы туралы келісімді белгілейтін және реттейтін, Заңға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес  жазбаша түрде ресімделген құжат.
1.2.«Келісім шарттың құны» дегеніміз-келісім шарт міндеттерінің толық орындалуы бойынша Тапсырыс берушінің Жабдықтаушыға төлейтін сомасы.
1.3.«Тауарлар» дегеніміз-қатты, сұйық және газ тәрізді күйде жартылай өңделген өнім, шикізат немесе электр және жылу көзі,біріккен шығармашылық парасаттылық қызметтердің қорытындысын, сол-сияқты келісім шарт аясында Жабдықтаушының Тапсырыс берушіге міндетті түрде көрсеткен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу мен сату мәмлесін білдіреді.
1.4.«Көрсетілетін қызмет» дегеніміз-келісім шартта көрсетілген тауарларды жеткізуді, тасымалдауды және сақтандыруды және басқа да қызмет түрі, яғни құрастыру мен жіберуді, техникалық жәрдемдесуді қамтамасыз ететін қызмет.
1.5.«Тапсырыс беруші» дегеніміз-мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар және 50 пайыздан артық акциясы мемлекетке жататын заңды тұлғалар.
1.6.«Жабдықтаушы» дегеніміз-кәсіпкерлік қызмет атқаратын жеке тұлға, мемлекеттік сатып алу келісімшартындағы Жабдықтаушы негізінде уақытша біріккен заңды тұлға.

2. Келісім шарттың мәні

1.Төменде тізімделген құжаттар мен шарттар келісім шартты құрап, оның ажырамас бөлігі болып саналады, яғни:
а) негізгі келісімшарт
б) тауардың техникалық ерекшелігі (№1 қосымша)
2.Жабдықтаушы келісім шартта көрсетілген талаптарға сәйкес тауарды сатып, жеткізуге міндетті, ал Тапсырыс беруші  тауарды қабылдап, тауардың сапасы мен саны үшін төлем жасауға міндетті.
3.Тауардың атауы, саны және бағасы келісімшарттағы №1 қосымшада көрсетілген.
4.Келісім шарт жасалған күннен бастап, Жабдықтаушы 10 (он) күнтізбелік күн ішінде Тапсырыс берушіге тауарды жеткізеді.
5.Келісім шарттың орындалатын жері Тапсырыс берушінің мекен-жайы: Қарағанды облысы Абай ауданы Топар кенті Гиппократ 1 көшесі.

3.Келісім шарттың құны мен төлем тәртібі

3.1.Келісім шарттың жалпы сомасы келісім шарттың қосымшасындағы сомаға сәйкес, ҚҚС есептегенде () теңге.
3.2.Тапсырыс беруші барлық тауарды алғаннан кейін 20 күнтізбелік күн ішінде 100 пайыз тауардың құнын төлейді және Жабдықтаушыдан шот-фактура, шығыс накладнойы, тауардың сапасы мен шыққан жері көрсетілген құжаттарды талап етеді.
3.3.Төлем келісім шартта көрсетілген сатушының реквизитіне сәйкес жасалады. Төлем күні болып, Жабдықтаушының пайдасына Тапсырыс беруші есеп шотынан ақшаны шешіп алған күн саналады.
3.4.Келісім шартта бекітілген баға өзгертілмейді.
3.5.Көрсетілген қызметтің бағасы келісім шартқа енгізілуі қажет, яғни тауардың құнына Тапсырыс берушінің қоймасына дейін жеткізілу  шығыны және артып-түсіру жұмыстары  енгізіледі.

4.Тауардың сапасы

4.1.Келісім шарт шеңберінде жеткізілген тауардың сапасы, жиынтығы мен маркасы  келісім шарттың талаптары мен нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес келуі қажет.
4.2.Келісім шарт шеңберінде жеткізілген тауардың жаңа, қолданылмағаны және сериялы үлгіде екеніне жабдықтаушы кепілдік береді. Жабдықтаушы әрі қарай тауарлардың кемістігі жоғына, қолданғанда қауіпсіздігіне де кепілдік береді.
4.3.Тауардың кепілдігі  заводтың кепілдеме мерзіміне дейін жарамды, ал кепілдеме серитификаты болмаған жағдайда, сатылған күннен бастап, 12 айға дейін қолдануға жарамды.
4.4.Тапсырыс беруші алынған тауардың кемістігін, жеткіліксіздігін және кепілдемеге сәйкес еместігін анықтағаннан кейін 10 сағаттан кешіктірмей алынған тауардың сапасына байланысты барлық  дауларды жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
4.5.Сатылған тауарға Жабдықтаушы Тапсырыс берушіге кепілдік талоны мен шығарған заводтың төлқұжатын беруге тиісті.
4.6.Екі жақтың ортасында туындаған даулы мәселелер тұтынушылардың құқығын қорғау аясында Қазақстар Республикасының заңына сәйкес шешіледі.
4.7.Жоғарыдағы бірде-бір пункт Жабдықтаушыны келісім шарттағы кепілдеме мен басқа да міндеттерден босатпайды.
4.8.Келісім шарт аясында жеткізілетін тауардың кепілдік мерзімі
-Тапсырыс берушінің тауарды қабылдаған күнінен бастап,12 (он екі) айды құрайды
4.10.Кепілдік мерзім кезінде сервистік қызмет тегін көрсетіледі, ал кепілдік мерзімі өткен күннен бастап, келісім шарт негізінде ақылы түрде жасалады.
4.11.Сервистік қызмет көрсету үшін жабдықтаушы тарапынан шыққан мамандар сервистік қызметті тегін атқарады және тапсырыс беруші тарапынан төленбейді.

5. Тауарды қабылдау және жеткізу шарттары

5.1.Жабдықтаушы тауарды тапсырыс берушінің қоймасына дейін, яғни Абай ауданы Топар кенті Гиппократ көшесіндегі 1 үйге дейін жеткізіп береді.
5.2.Тауарды саны және сапасы бойынша қабылдауды Тапсырыс берушінің және Жабдықтаушылар өкілдері берген сәтте жүргізеді, қабылдау нәтижелері тауарды қабылдап-тапсыру актісі бойынша ресімделеді.
5.3.Жеткізілген тауардың саны мен сапасы техникалық  ерекшеліктері бойынша сәйкессіздік анықталған жағдайда, бұл сәйкессіздіктер қабылдап-тапсыру актісінде көрсетіледі және анықталған мезеттен бастап 10 күннен кешіктірілмей, қабылдап-тапсыру актісінің көшірмесін қоса отырып, Жабдықтаушыға хабарлама жіберіледі. Бұл ретте Жабдықтаушы Тапсырыс берушінің берілген тауарға барлық ескертулерін 10 жұмыс күні ішінде жоюға міндеттенеді, олай болмаған жағдайда Тапсырыс беруші Жабдықтаушының әрекетін тауарды уақтылы жеткізбеу ретінде бағалайтын болады.
5.4.Тауарды беру оның белгіленген соңғы пунктке тасымалдау уақытына олардың бұзылуын немесе бүлінуін болдырмауы, тауардың қаптамасын қамтамасыз етуі тиіс. Қаптама қандай да бір шектеулерсіз қарқынды көтергіш көлік өңдеуіне және тасымалдау кезіндегі экстремалды температураның, тұз бен жауын-шашынның, сондай-ақ ашық сақтаудың әсеріне төзуге тиіс.
5.5.Қаптама мен жәшіктерді таңбалау, сондай-ақ құжаттаманың іші және сырты Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамамен анықталған арнайы талаптарға сәйкес болуы тиіс.

6. Тараптардың жауапкершілігі

6.1.Форс-мажорлық жағдайлардан басқа, негізгі келісім шарттағы міндеттерді орындамаған жағадайда, тараптар келісім шарттағы қағидаларға сәйкес жауапкершілік танытады.
6.2.Форс-мажорлық жағдайлардан басқа, Жабдықтаушы келісім шартта қаралған уақытта тауарды  жеткізбесе, Тапсырыс беруші кешіктіргені немесе жеткізбегені үшін келісімшарттағы бағадан әр күні сайын 0.1 пайыз шегереді.
6.3.Келісім шарттың 3 тарауында көрсетілгендей, Тапсырыс беруші төлем уақытын кешіктірген жағдайда Жабдықтаушыға 0.1 пайыз әр кешіктірілген күнге төленеді.

7. Форс-мажор

7.1.Форс-мажорлық жағдайдың салдарынан Жабдықтаушы келісім шартты орындау міндеттерінен айырылмайды және кешіктіргені үшін айыппұл төлемейді.
7.2.Әскери әрекет,табиғаттың апаты, эпидемия, оқшаулау және эмбарго салдарынан
туындаған форс-мажорлық жағдай, Жабдықтаушының жіберген салақтығына жатпайды.
7.3.Егер де форс-мажорлық жағдай туындай қалса, Жабдықтаушы Тапсырыс берушіні жазбаша түрде алдын-ала ескертеді.Егер де Тапсырыс берушіден жазбаша хабар болмаса, Жабдықтаушы келісімшарттағы міндеттерін әрі қарай жалғастыра береді.

8. Келісім шартты бұзу

8.1.Тапсырыс беруші мен Жабдықтаушының арасында туындаған келіспеушіліктер мен дауды тікелей келіссөз арқылы шешуге болады.
8.2.Егер де келісім шарт бойынша туындаған дау келіссөз кезінде 21 (жиырма бір) күн ішінде шешілмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.

9. Басқа да шарттар

9.1.Жабдықтаушы өтелмес қарызға батса немесе төлей алмайтын жағдайда болса, Тапсырыс беруші жазбаша түрде хабар жіберіп, келісім шартты кез-келген кезде бұза алады. Бұл жағдайда, келісім шарт бірден бұзылып, Тапсырыс беруші ешқандай да қаржылық міндетті атқармайды.
9.2.Тапсырыс беруші әрі қарай мақсатсыз жұмыс істей алмайтындығын білдіріп, Жабдықтаушыға алдын-ала жазбаша хабар беріп,  кез-келген уақытта келісім шартты бұза алады. Жазбаша хабарда келісім шартты бұзудың себебі көрсетіліп, келісім шартты бұзу мерзімінің күшіне енетін күнін көрсетеді.
9.3. Тапсырыс беруші келісім шартта көрсетілген шарттарды Жабдықтаушы орындамаса немесе бұзған жағдайда, жазбаша түрде хабар жіберіп, келісім шартты кез-келген уақытта бұза алады, яғни:
а) егер де Жабдықтаушы тауарды мерзімінде немесе ұзартылған мерзім ішінде жеткізбесе
б) егер де Жабдықтаушы келісімшарт бойынша қандай да бір шарттарды орындамаса
9.4.Келісім шарт бұзылған жағдайда, жабдықтаушы келісім шарт бұзылған күні сол күнгі шығыны үшін төлем сұрай алады.
9.5.Егер де Заңның 6 бабына сәйкес кемшіліктер туындаса, мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарт кез-келген деңгейде бұзылуы мүмкін. Және де жабдықтаушы жіберген шығыны үшін төлемді талап ете алмайды.

10.Шаруашылық  дау мәселелерін шешу тәртібі

10.1.Екі жақтың қол қойылған келісім шарттың құжаттарына ешқандай да өзгертулер мен толықтырулар (сызбалар, жобалар мен техникалық ерекшеліктер, қаптамалар, жеткізілетін орыны және қызмет түрі) енгізілмейді
10.2. Егер де өзгерістер бағаның төмендеуі мен мерзіміне әкеліп соқса, жабдықтаушы  келісім шарт бойынша тауардың кез-келген бөлігін жеткізу үшін келісім шарт құны мен жеткізу кестесіне өңдеулер енгізіп, келісім шартты түзетеді.
10.3.Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған келісім шартқа енгізілген өзгертулер мен басқа да шарттарды өзгертпеуі керек. Бірақ:
1)Келісім шарттағы соманың азаю немесе көбею бөлігіндегі алынатын тауар көлеміндегі, қызмет тұтынушылықтың көбеюі мен азаюына байланысты бағаның өзгеруі жасалған келісім шартта көрсетілуі тиіс.Мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарттағы мұндай өзгерістер мемлекеттік сатып алу туралы жылдық жоспарда қаралуы қажет.
2)Егер де жабдықтаушы мемлеткеттік сатып алу туралы келісім шартты орындау кезеңінде тауардың сапасы мен техникалық жағдайына байланысты бағаның өзгермейтінін ұсынса;
3)Жақтардың өзара келісімі бойынша тауардың бағасы, қызметі және шарттың сомасының кемуі мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау кезеңінде көрсетілетін қызмет кему жағына қарай өзгереді.
10.4.Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған қорытынды  келісім шартқа өзгерістер енгізуге болмайды, себебі жабдықтаушының таңдауға негіз болатын мемлекеттік сатып алу мен ұсыныстың шартын өзгертуі мүмкін.
10.5.Келісім шартқа байланысты дау мен келіспеушілікті шешу үшін Тапсырыс беруші мен Жабдықтаушы барлық күшін салуы керек.
10.6.Егер де келісім шарт жасалған күннен 21 күн (жиырма бір) ішінде Тапсырыс беруші мен Жабдықтаушы арасындағы дау шешілмесе, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес мәселені шешуді екі жақтың бірі талап етеді.

11. Келісім шарттың мерзімі

11.1. Келісім шарт  орыс тілінде  жасалады және заңдық күші бірдей екі данадан тұрады. 11.2. Келісім шартқа сәйкес бір жақтың келесі жаққа жіберген әрбір ескерту хаты немесе басқа да құжаттары шартқа сәйкес келуі керек.
11.3. Келісім шарт екі жақ қол қойғаннан кейін  күшіне енеді және келісім шарттағы міндеттерді 31.12.2014ж дейін орындауы қажет.

12. Тараптардың заңды мекен жайы:

«Тапсырыс беруші»                                              «Жабдықтаушы»

КМК «Абай ауданының орталық
аудандық ауруханасы»
100116 Топар кенті, Гиппократ-1 көшесі
СТН 300200004377
ДИККZ 616010191000060828
БДК НSВККZКХ  Абай басқармасы №190600
АҚ Абай қаласындағы «Қазақстанның халық банкі»
Тел/факс 8 (72153) 3-14-48