КМК «Абай ауданының орталық аудандық ауруханасы»
0
«АМСК деңгейінде қатерлі ісіктің белгілерін ерте анықтау алгоритмі»

23.04-27.04.2018 жылы ЖШС «Инновациялық даму корпорациясы» ұйымдастырған КМК «Абай ауданының орталық аудандық ауруханасының» базасында «АМСК деңгейінде қатерлі ісіктің белгілерін ерте анықтау алгоритмі» тақырыбында көшпелі кәсіптік білім жетілдіру өтті.Дәрісті медициналық ғылым докторы, жоғары санатты онколог дәрігер Халел Айханали Иманбаевич өткізді. Кәсіптік білім жетілдіруге кәсіпорынның 18 қызметкері (11 жалпы тәжірибелі дәрігер, 7 орта медициналық қызметкер) қатысты.